» Материалы за Май 2016 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

№39 Мырзашөл жалпы орта мектебінің мекен жайы

Автор: admin от 18-05-2016, 10:39, посмотрело: 598

12

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Атамекен ауыл әкімшілігі Талапты ауылы Жаңа тұрмыс көшесі №5А

Почта индексі: 091002

Мектеп телефоны: 5-13-25

Мектеп электрондық почтасы: mirzashol_02@mail.ru

Мектеп директоры: А. Байменова         

Категория: Мекен жайымыз

 

Ата-анамен оқушы арасындағы қарым-қатынас

Автор: admin от 18-05-2016, 09:46, посмотрело: 796

4

0Жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісінде мектеп пен отбасы арасындағы байланысқа үнемі көңіл бөлінуі тиіс.
Әрбір жиналысты өткізер алдында әрбір баланың ата-анасымен кездескен дұрыс. Ата-аналармен жұмыс жүргізудің негізі-алдын ала жоспарлау, алға мақсат қою, оны қалайда орындау.
1. Оқушының ата-анасымен, жанұя жағдайымен толық танысу үшін арнайы үйлеріне бару.
2. Ата-аналарды хат арқылы мектепке шақыру.
3. Сынып оқушыларымен бірігіп жиналыс ашу; ата-аналар комитетінің есебін тыңдау, бағыт беру.
4. Ата-аналарға педагогикалық тақырыптардағы әңгіме, баяндамалар оқып, түрлі басылымдардан, әдебиеттерден қажетті ұсыныстар мен пікірлер оқуды тапсыру.
5. Белсенді ата-аналарды бсашылыққа алу, үлгі-өнеге ету.
Осындай түрлі жұмыстар жүргізу-менің әр күнгі төл ісім болып саналады. Үйіне барып байланыс жасаған кезде сол оқушының мінез-құлқын, бейімділігін, сынып ішіндегі оқушылармен қарым-қатынасын, қоғамдық жүктемені орындауын айта келіп, сол жанұяға тән қажетті нәрселерді ескеріп отырамын. Мұндай байланыс сынып жетекшісінің жұмысына жеңілдік келтіреді, тезірек орындалуына себебін тигізеді.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болуы жас ұрпақтың жан-жақты дамуын, дүние жүзілік алдыңғы қатардағы ақыл-ой мен тәжірибені өскелең өмір талабына жеткізуін, халқымыздың көп жылдар бойы тұншығып келген тілін, мәдениетін, тәлім-тәрбиесін жаңартуды талап етеді. Бүгінгі таңда білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес республика мектептерінде білім беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жанарту қажеттілігі туындауда. Оның басты себебі республика өзінің тәуелсіздігіне ие болған жағдайда экономикалық, экологиялық, этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, жастарды оқыту мен тәрбиелеу ісін қайта құрудың аса қажеттілігі пайда болды.
Сондықтан жалпы білім беретін мекемелерде оқушыны тұлға етіп жан-жақты тәрбиелеу мақсатында ҚР-ның білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы қолға алынды. Бұл заңды Білім және ғылым министірлігі ұсынып, оқушыларға БҰҰ-ның құқығы, ҚР-ның «Білім туралы» заңын, «ҚР-дағы бала құқығы туралы»,
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын үйретіп, кеңінен насихаттау көзделген.Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаның қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Жеке тұлғаның ерекшелігі- ол оның өзіне тән мінез- құлқындағы, іс- әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен дараланады.
Тәрбиеленуші өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жастар тәрбиесі-басты мақсат. Ұстаз бір елдің болашағы үшін жасайтын киелі мамандық иесі. Оның парасатты жүріс-тұрысы, сөйлеу мәдениеті, ішкі жан дүниесі, киім киісі-бәрі баланың назарынан тыс қалмайды» деген. Ендеше сол бір жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін де соны тәрбие жинақталып, белгілі бір жұмыс жүйесі қалыптасу керек. «Аамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім-ол адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби. Сапалы білім алмайтын, тәрбие қонбайтын адам жоқ. Бірақ сол адамды адам етіп тәрбиелеу кімнің қолында деген сұрақтарға жауап берудің өзі ойландырады. Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастармен анықталады. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек қатынасы жағдайында қалыптасады. Нарықтық қарым-қатынас ата-аналардың отбасындағы бала тәрбиесіне деген жауапкершілік сезімін біртабан бәсеңдеткені байқалады. Соңғы кездері мектеп пен ата-аналардың байланысы да күрт төмендеп кетті. Олай дейтінім отбасында берілген тәрбие мен мектептегі берілген тәрбиенің арасында байланыс жоқ сияқты. Яғни бала, мектеп, ата-ана арасында байланыс жоқ деген сөз.Бала-біздің болашағымыз, өзімізді жалғастырар ұрпағымыз. Ендеше бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, ата-ана, мектеп, қоғам ынтымақтастығын ойласқанымыз жөн. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әр әсері мол. Қазіргі жас балғын бала- ертеңгі күні еліміздің саналы азаматы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз»дейді.Ендеше бала тәрбиесіне отбасы, мектеп, оның араласатын ортасы әсерін тигізбек. Жалпы бала тәрбиесі назардан тыс түспейтін ең маңызды да өзекті мәселе.Баланың бойындағы жағымсыз жат әрекеттер байқалғаннан ақ ата-ана, мектеп тыйым салып, дұрыс жолға бағыттау олардың бойына адамгершілік, кішілік, әдептілік,ізгілік қасиеттерін дарыту керек. Мектеп қабырғасында оқушы 6 сағат сабақ оқып, 2 сағат үйірмеге қатысатын болса, қалған 16 сағаты үйінде, болмаса ат-ананың тәрбиесінде деген сөз. Сол16 сағатта өз баласына ақыл айтып, мағаналы әңгіме, сабағына қарап, оң тәрбие беретін ата-аналарымыз азайып бара жатыр. Бұл сөзімді дәлелдеп өтейін. Мұғалімнің жайы белгілі. Саяси науқан, көше тазалау, тағы тағылары мұғалімнің мойнында. Сол жаңағы айтқан баланы түнде көше аралап үйіне тарату да сол мұғалімнің мойнында. Неге? Өйткені ол балаға мұғалім не сынып жетекшісі жауап беруі керек. Ал сол баланы дүниеге әкеліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмаймын дейтін ата-аналарымыз қайда? Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы өзінің «Абай» журналына жарияланған «Тәрбие» атты мақаласында былай деген: «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара әсерлер адамды замандас, жолдастың азғырып не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі. Тәрбиеге туған жұрттың тілі, мінезі, тұрмысы да әсер қылмақ. Қысымшылық көрген жасқыншақ болмақ, ашық көңілді, сауықшыл ел- жұрттың баласы да сондай болмақ».
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әректтерді ұйымдастыру көзделеді.Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік тұғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, көркемөнер т.б. іс-әрекетке үйрету үйірмелері мен секциялар ұйымдастырылуда. Әр оқушы кез-келген үйірмелері мен секцияларға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатысып, өзінің жеке басына тән керекті қасиеттерді ұйренуге мүмкіндік алады.
Мектептегі тәрбие жұмысы елдегі барлық қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, түрлі клубтармен бірлесіп жүргізгенде ғана нәтижелі болатыны белгілі.Өкінішке орай осындай ұйымдар, яғни ақсақалдар кеңесі, ата-аналар комитеті, әйілдер кеңесі т.б. клубтардың жұмысы көзге көрінбей келеді. Егер осы ұйымдардың жұмыстары жанданып отырса, тәрбие жүйесінде елдегі ең жоғары, ең керек ақылшы ұйым ретінде бағаланары сөзсіз.
Тұлғаның «қалыптасуы» деген ұғым педагогика және психология ғылымында, жеке тұлға дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Демек, қалыптасу дегеніміз-бір нәрсеге форма мен тұрақтылық беру; нақты бір түр беру яғни баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұлғаның қалыптасуы өте күрделі және ұзақ процесс. Ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс-әрекеттегі ересектердің әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуының бірлігі. Егер, педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогикалық процестің элементар бірлігі, оның бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті» (педагогикалық ситуация яғни педагогикалық жағдаят) болуы қажет.
Педагогикалық процестің қарапайым «бөлшегі» ретінде қолданылатын «педагогикалық жағдаят» туралы Н.Д.Хмель «… педагогикалық жағдаяттар болмысқа тән алуан түрлілікті білдіреді. Бір қарағанда, жағдаяттарды бірін екіншісінен ажырататын уақыты, орыны, себебі, түрткісі, пайда болу шарттары, қатысушылардың әлеуметтік жас және психофизиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекет мазмұны мен амалдары қарым-қатынас сипаты»-деген болатын.
Философиялық еңбектерде жағдаят дегеніміз-байланыстың, қызметтің уақыттық-кеңістік шарттарының субъективтілік және объективтілік бірліктері деп беріліп, тұлғаның әлеуметтік таратушысы, нақты бір мәдениеттің, дамыған даралықтың өкілі ретінде қарастырылады.
Неміс философы К.Ясперс жағдаяттарды а)жалпы және ә)жалқы деп жіктеп, біріншіге әр адамның басынан өтетін куаныш, қайғы, қасіреттерді және т.б. екіншісіне бір ізді есепке алу жолдары жоқ, әр жағдаяттың өзіне тән жұмбақ фактілер жиынын жатқызады.
Д.Магнуссон әртүрлі деңгейдегі жағдаяттарға талдау жасап, талдау бірліктерінің арасындағы нақты шектің жоқтығын көрсете келіп, жағдаяттарды идеологиялық, әлеуметтік, мәдени деп бірнеше типтерге жіктеп, оның бес түрлі факторларын ажыратады:
- оңды және толықтырушы;
- кері тартушы;
- жігерлендіруші;
- әлеуметтік өзара байланыстырушы;
- белгісіздік.
Ғалымдар У.Томас пен Ф.Знанецкий өздерінің еңбектерінде жағдаятты субъект қағидасы арқылы түсінудің қажеттілігін ашып көрсетіп, жағдаят-бұл құндылықтар жиынтығы деп оларды белгілеріне қарай үш типке топтастырады:
а) адамның немесе қоғамның әрекет жасауы үшін қажетті объективті жағдай. Бұл жағдайлар адам мен қоғамның санасына тікелей немесе жанама әсерін тигізуші экономикалық, діни, интеллектуалдық құндылықтар жиыны;
ә) тікелей нақты мінез-құлыққа әсер етуші адамның немесе топтың өзіндік бекімі;
б) қандай да бір дәрежедегі нақты жағдайлар тұжырымы мен бекімдер сезімін көрсетуші жағдаят анықтамасы. Сонымен, жағдаятты шешу біріншіден, фактіні айқындаумен, екіншіден өзіндік бекімнің пайда болуымен, үшіншіден, жағдаяттың не екендігін (мәнін) түсінумен сипатталады.
К.Левин еңбектерінде жағдаят жалпы өмірлік жағдаяттарға да, жеке әп-сәтте болатын жағдаяттарға да қатысты делінген. Осы тұрғыдан алғанда автор жағдаят мәнін нақты бір сәттегі мінез-құлықты сипаттайтын барлық фактілер жинағын «психологиялық өмір кеңістігі» терминін пайдалана отырып ашады.
Көрнекті орыс педагогы Л.С.Выготский баланың әлеуметтік ортадағы даму жағдаяттарын екі түрлі бағытта көрсетеді, Яғни, баланың әр жастағы динамикасының тікелей әлеуметтік жағдаяттарға байланысты екендігі. Әр жас аралығының өзіне тән ерекшелігі, баланың қоршаған ортамен оның шынайылығымен, ең алдымен әлеуметтік ортамен қайталанбас қарым-қатынасы. Бұл қарым-қатынас әлеуметтік даму жағдаяты деп аталады. Әлеуметтік даму жағдаяты әр жас аралығындағы дамуда байқалатын барлық динамикалық өзгерістердің бастапқысы болып саналады.
Әлеуметтік даму жағдаяты-әлеуметтік шынайылықты дамытудың көзі ретінде қарастыра отырып, тұлғалық қасиеттердің жаңа қырларын қалыптастырудың жолы мен формасын, соның ішіндегі әлеуметтік болып саналатын дара жолды анықтайды.
Ал, екінші бағыт тұлғалық қасиеттердің жаңа қырларының шығу тегі. Тұлғалық қасиеттердің жаңа қырлары баланың сана сезімінің қайта құрылуын сипаттаушы алғы шарт түрінде емес, жас аралық дамудың нәтижесі, өнімі болып табылады. Осылайша баланың санасындағы өзгерістер оның жас ерекшелігіне тән әлеуметтік болмысының формасы негізінде пайда болады. Жалпы жағдаят, уақыттың бір сәті емес, ол адам болмысы детерминанттарының жиынтығы, жағдаят ол-мәннің сипаттамасы. Яғни адам санасында із қалдырған жағдаят ол әрқашанда ерекше бір құбылыс, жағдаят арқылы адамның есінде әлемді қабылдауына әсер етуші тұлғалық көзқарасы мен бастан кешкен тәжірибесі көрініс табады.

 

Категория: Ата-аналарға

 

Ата-аналардың міндеттері мен құқықтары

Автор: admin от 18-05-2016, 09:15, посмотрело: 919

5

 Ата-ананың міндеті:

1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;

2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;

3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;

4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;

5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркіңізбен оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету;

6. Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналыстарын өткізуімен және оқуға үлгермеуші немесе тәртіпсіз балалардың ата-аналарын барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез-келген жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланысты көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата-анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.

 

 

 

Категория: Ата-аналарға

 

Оқушыларға арналған ережелер

Автор: admin от 18-05-2016, 09:09, посмотрело: 691

5

Осы Ереженің мақсаты: Қазақстан Республикасы жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту, оқушыларға мектепте білім алуға қолайлы жағдай туғызу және мектеп маңайында оқушылардың жүріп тұруына қауіпсіздік жасау.

ОҚУШЫЛАР: мектеп Жарғысын орындауға, мектептің, өзінің және басқаның мүлкін , мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және ұстаздар мен басқа жұмыскерлердің еңбегіне құрметпен қарап мектепішілік Ережені сақтауға міндетті.

1. Оқушылардың сыртқы келбеті.

 

· Бекітілген үлгідегі мектеп формасын киюге: (киім үлгілері мектеп сайтында бар)

 

1-4 сыныптар: юбка (шалбар), қара немесе жасыл түсті пиджак, ақ түсті блузка.

 

5-8 сыныптар: юбка (шалбар), қара түсті пиджак, ақ түсті блузка.

 

9-11 сыныптар: қара түсті, классикалық (іскер) үлгідегі костюм.

 

· Косметиканы қатты жағып және сәндік бұйымдарын шамадан тыс тақпауға ұсыныс жасалады.

 

· Мектепте, тазалықты сақтау мақсатында барлық оқушылар, екінші жеңіл аяқ киім киіп жүруі керек.

 

· Спорттық киімді дене шынықтыру сабағында ғана кию керек, басқа сабақта кию орынсыз.

 

· Мектепте себепсіз сыртқы киіммен жүруге болмайды.

 

· Салтанатты жиналыстарға және жалпымектептік шараларға оқушылар мерекелік киім киіп келуге тиіс.

 

· Мерекелік кештерге, концерт және дискотекаларға оқушылар қалаған киімдерін киіп келеді.

 

Категория: Оқушыларға

 

Оқушылардың міндеттері

Автор: admin от 18-05-2016, 08:54, посмотрело: 708

5

Оқушылар міндетті:

·      Қазақстан Республикасының заңын сыйлауға, ұстануға, ұлттық салт –дәстурлерді құрметтеуге;

·       Мектеп жарғысында көрсетілген талаптарды мүлтіксіз орындауға;

·      Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға ұмтылу;

·      Мұғалімдерге және тәлімгерлеріне құрмет көрсету;

·      Сыныптас достарымен, мектептің басқа оқушыларымен тіл табысып,кішілерге көмек көрсету;

·      Мұғалімдерден алған тапсырманы белгілеген мерізімінде тапсыру;

·      Себепсіз сабақтан қалмау;

·       Өзімен қажетті оқулықтар мен оқуға арналған құрал саймандарды алып жүру;

·      Мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысу және қоғамдақ тапсырмаларды орындау;

·       Мектеп атағын аудандық, қалалық, және республикалық іс-шараларда қорғау;

·      Қоғамдық жерлерде  өзін үстау мәдениетін көтеруге, білім толықтыруға арналған жұмыстарды үздіксіз жүргізу;

·       Мектеп формасын сақтау;

·       Мектеп және қоғамдық мүлікті дұрыс қолдану.

 

Оқушы құқықтары

Оқушы құқылы:

·      мемлекеттік стандарт белгілеген мөлшерде жалпы білім алуға;

·      қосымша білім алуға;

·       ғылыми жұмыстармен айналысуға, кеңесулермен, конференцияларға, олимпиадаларға, көрме және жарсытарға қатысуға;

·       мектепті басқаруға қатысуға.

 

Категория: Оқушыларға

 

№39 Мырзашөл жалпы орта мектебінде өткізілген іс-шара

Автор: admin от 18-05-2016, 06:25, посмотрело: 791

4

Шаншарова Шамшат

«Мырзашөл» №39 жалпы орта мектебі  коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің директорының тәрбие ісі   жөніндегі орынбасары

 

«Достық әнін шырқайық!» атты

1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған сазды бағдарлама


1-жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!

2-жүргізуші:1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Достық әнін шырқайық!» атты сазды бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші:Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

2-жүргізуші: Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

1-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

2-жүргізуші:Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы.

1-жүргізуші:Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2-жүргізуші:Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

1-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші:Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

                        Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

                       Татулығын жырға қосам ұлттардың,

                       Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

2-жүргізуші:Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

                        Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

                        Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

                        Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

1-жүргізуші:Ұлтаралық татулық арқасында  бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай.Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.

2-жүргізуші:Кең байтақ елімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Даурбаев Келдімұрат Түгелбайұлы. Ендеше, ағай, көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.

/мерекелік лебіз/

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

                        Жөргегімде таныстым мың тіліммен.

                        Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

                        Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

2-жүргізуші:Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

                        Қайта тудым өмірге қайта келдім.

                        Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

                        Айта бергім келеді, айта бергім.

1-жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 20 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.

2-жүргізуші:Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық дәмімізді ұсынатын, ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне алғашқы сөз кезегін береміз.

/2,3-а сыныбының оқушылары/

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші:Мерекелік құттықтау сөз кезегі ардагер-ұстаз Төлесбаева Айханым апайға беріледі.

/мерекелік лебіз/

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізде біз 8 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.

2-жүргізуші:1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

1-жүргізуші:                           Ортақ мекен жер шары,

                                                 Төбемізде бір аспан.

                                                 Барлық ұлттың баласы,

                                                  Достығымыз жарасқан.

2-жүргізуші:                          Ортақ бізге бір Отан,

                                                  Ортақ жердің байлығы.

                                                  Еңбек ортақ, жыр ортақ,

                                                  Ортақ бізге барлығы.

1-жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, Орыс мәдени орталығына сөз кезегін береміз.

/Орыс халқының сәлемі/ /10-а,10-ә сыныптары/

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші:                        Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

                                                Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

                                                Елім менің биіктігі шарайнам,

                                                Қыран құсы көгінде мың самғаған!

2-жүргізуші:Сөз кезегін Өзбек мәдени орталығына береміз.

/Өзбек халқының сәлемі/ /1-а, 4-а сыныптары/

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2-жүргізуші: Жер-Ана бәрімізге ортақ. Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде.

1-жүргізуші: Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналған. Келесі кезекті қырғыз мәдени орталығының өкілдеріне береміз.

/Қырғыз халқының сәлемі/ /9-сынып/

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші:                        Ағайын-туған – бар адам,

                                               Адалдық үшін жаралған.

                                               Бар қымбат туыстық,

                                               Баянды болсын тыныштық!

2-жүргізуші: Ортаға көршілес түркмен мәдени орталығының өкілдерін шақырамыз.

/Түркмен халқының сәлемі/ /5-сынып/

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2-жүргізуші:                         Республикам менің,

                                                Республикам менің,

                                               Абатым!

                                               Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!

                                               Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,

                                               Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!

1-жүргізуші: Сөз кезегі украин мәдени орталығының өкілдеріне беріледі.

/украин халқының лебізі/ /6-сынып/

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші:                       Тілегі бір,

                                               Жүрегі бір.

                                               Достармен біз біргеміз.

                                               Туыс барда құрыштан да,

                                               Берік біздің іргеміз!

2-жүргізуші: Өз құттықтау лебізін білдіру үшін ортаға көршілес түрік мәдени орталығының өкілдерін шақырамыз.

/түрік халқының лебізі/ /1-ә,3-ә сыныптары/

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2-жүргізуші:                    Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,

                                            Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

                                           Қайталанып, жаңарып айтылады,

                                            Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.

1-жүргізуші: Сөз кезегі поляк мәдени орталығына беріледі.

/Поляк халқының құттықтауы/ /7-сынып/

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші:                     Жақсылыққа, бақытқа,

                                            Талпынған әр уақытқа.

                                            Бала біткен дос-бауыр,

                                            Болмасын еш тосқауыл!

2-жүргізуші:Келесі кезекте ортаға қытай мәдени орталығының өкілдеріне береміз.

/қытай халқының лебізі/ /8-сынып/

 ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші:                     Қайсарлығы қара тасты үгіткен,

                                            Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.

                                            Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,

                                            Арғы тегі Алаштан тараған,

                                            Керегесін ағаштан құраған елміз!

2-жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!

1-жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!

2-жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз!

1-жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

2-жүргізуші:Ән «Қазақстаным менің!» жеке дауыста 3-ә сынып оқушысы Шайхина Ақмаржан.

/ән орындалады/

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет.Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

2-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

1-жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!

2-жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!

1-жүргізуші:Қазақстан жасасын!

2-жүргізуші:1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!

1-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Достық әнін жырлайық!» атты мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.

1,2-жүргізуші:Сау саламатта болыңыздар

Категория: Мектеп дәстүрі

 

№39 Мырзашөл жалпы орта мектебінің тарихы

Автор: admin от 16-05-2016, 12:10, посмотрело: 1156

3

      1960 жылы  Мақталы совхозының құрылуына байланысты, осы бөлімшеге бастауыш мектеп болып  ашылған бүгінгі №39 Мырзашөл ЖОМ коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы терең, шежіресі мол. Осы мектепті ашуға оның материалдық және ұстаздар коллективін қалыптастыруға аудандық партия комитетінің ұсынысымен, ол кезде Киров атындағы орта мектептің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Қаз МУ-дің түлегі Бердіқұлов Ожантайды жіберді.Осылайша, америкалық жұмысшылар қозғалысының жетекшілері италяндық коммунистер Сакко және Ванцетти атымен 1964-1965 жаңа оқу жылын бастады. Мектепке аудан орталығынан математика пәнінің мұғалімі Утебеков Т, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Балтабаев, тарих пәнінің мұғалімі Бекмұратов Ш т.б. келді. Мектептің бірінші түлектерін 1966-1967 оқу жылы шығарып, 17 оқушы бітіріп шықты. Оның ішінде мектепті үздік бітірген Балтабаева С., Бердіқұлов Ж., Батманов Қ. 1967-70 жылдарда мектептен бірнеше алтын медаль иелері шықты. Соның бірі Балтабаева Салима. Ол педагогикалық институтты қызыл дипломмен бітіріп, Ташкент қаласында үлкен мектепте бірнеше жыл директор қызметін абыроймен атқарды. Осы жылдардағы еңбектерін ескере отырып, мектеп директоры Бердіқұлов Ожантай атамыз мемлекеттік наградаға «Құрмет белгісі» орденіне ие болды. 1971-1979 жылдары мектепті Жарасов Мақсымхан басқарды. Осы жылдары мектептің айналасына көптеген ағаштар егілді. 1979-1982 жылдары мектепке Ембергенов Болат директор болды. Ал 1982 жылдан 2013 жылға дейін, 31 жыл бойы мектептің алғашқы түлектерінің бірі Бердіқұлов Жұмағали ағай басқарды. Ол институтты Украйнаның Кировоград қаласындағы А.С.Пушкин атындағы университетті 1972 жылы орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша үздік бітіріп, ұшқан ұясына оралды. Қазақстанның дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – қоғам, ұстаздар мен ата-аналар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті болса, осы міндеттерді іске асыруда мектеп басшысы ретінде ерінбей еңбек етіп келді. Ал 2007 жылы 10 желтоқсанда  облыс әкімі  Н.Ә.Әшімов жаңа мектеп ғимаратының ашылу рәсіміне қатысып, лентасын қиды. Осы ғимараттың салынуына мектеп директоры тікелей басшылық жасап, қадағалап отырды. Осы еңбектерінің арқасында ҚР Білім беру ісінің үздігі, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

     №39 «Мырзашөл» жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған «Жауқазын» шағын орталығы 01 қаңтар 2011 жылы  ашылды. Ондай 2 топ жұмыс істейді. Ортаңғы топ, ІІ-сәбилер тобы  басында 2 жылдай 30 баламен жұмыс жасалса бүгінгі таңда 45 балаға артты.

4 тәрбиеші, 3 пән мұғалімі (ағылшын, ортыс тілі, дене тәрбиесі), 1 әдіскер, 2 тәрбиешінің көмекшісі, 1 кір жуушы  жұмыс істеп келеді. Аудан аралық сайыстарға қатысып түрлі жүлделерге ие болған. Әр мерекеде ата-аналар  жиналысы, мерекелік іс-шаралар болып тұрады. 2013 жылдан бері мектебімізді Байменова Әлия Оразқызы басқарып келеді. Бүгінде мектебімізде 44 мұғалім ұстаздық етеді, оның ішінде жоғары санатты мұғалім – 3, I санаттағы мұғалімдер -12, II санаттағы   мұғалімдер -18. Мектептің елу жылдан астам өмір тарихында талай қазақ баласы білім алып, Отанымыздың игілігіне  қызмет атқаруға өмірлік жолдамамен аттанды. Бұл мектеп өзінің өсу-өркендеу жолында талай қиындық пен табысты сәттерді басынан кеше отырып, бүгінгі тәуелсіз елдің талантты балаларын оқытатын мектеп дәрежесіне дейін көтерілді. Ұзақ жылғы білім мен тәрбие беру жолында есімдері көпке танымал азаматтарды, ғылым мен өнер жұлдыздарын, қоғам мен мемлекет қайраткерлерін тәрбиелеп шығарды. Сол жылдарда  талмай еңбек етіп , шәкірт жүрегіне  ізгілікті жол таба білген ұлағатты ұстаздарымыздың еңбегі орасан зор. Соңғы жылдары Ауданымызға атағы кең тараған, киелі мырзашөл өңірінің  жас ұрпағына білім шырағын жаққан, мектебіміздің өмір жолы мен өсіп-өркендеу тарихы тереңнен сыр шертеді.

                                 

                                      Мектебіміздің тарихы

1964 жылы ашылған  мектепке америкалық жұмысшылар қозғалысының жетекшілері италяндық коммунистер Сакко және Ванцетти атымен аталынды. «Сакко және Ванцетти» атындағы мектепке директор етіп Бердикулов Ожантай Бердикуловичті   аудандық партия комитетінің ұсынысымен тағайындады.  Мектепке аудан орталығынан  қазақ тілі пәнінің мұғалімі Балтабаев, тарих пәнінің мұғалімі Ш.Бекмуратов  математика пәнінің мұғалімі Т.Утебеков т.б.келді. 2015 жылы математика пәнінің мұғалімі Т.Утебеков атында  математика кабинеті  ашылды.1971-1979 жылдары  Жарасов Мақсымхан 1979-1982 жылдар Ембергенов Болат 1982-2013 жыдары Бердикулов Жумагали Дуйсенбаевич  мектеп директоры қызметін атқарды. 2013жылдан бастап  Байменова Алия Оразовна мектеп директоры болып қызмет атқарып келеді. Осы мектебімізді бітіріп үлкен қызметте жұмыс атқарып жүрген азаматтар баршылық.Осы салада қызмет атқарып жүрген Мұғалбеков Жаңабай «Сулейменов»атындағы мектепте директор,Хожаахметова Шарипа «Жібек жолы»  атындағы  мектеп директоры, Маликов жаппар «Ш.Уалиханов» атындағы мектеп директоры, Манкараев Злиха мектеп дирекоры болып қызмет атқарып жүр. т.б.

1.1964 жылы «Сакко және Ванцетти» атындағы орта мектеп.                                      

2. 1998 жылы «Мырзашөл» орта мектебі. 

3. 2013 жылы  №39 Мырзашөл» жалпы ортамектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

     2014 жылы «Білім бру ісінің үздігі»медалімен төмендегі ұстаздар  марапатталды.  Н.Мусалина ,  П.Тенизбаева , А.Сейдуллаева, Р.Дуйсенбекова, Н.Қалшабекова .

     «Білім беру ісінің үздігі» грамотасы:  А.Молдакабылова, Ш.Шаншарова , Н.Сарманова, C.Барболова, М.Айтбаева, Н.Бектуреев

     ҚР білім және ғылым министрлігі «Құрмет грамотасы» мен « Қазақстан мұғлім» республикалық газеті        марапаттады. С.Барболова, Ж.Бердикулова.

«Үздік мұғалімнің үздік сабағы» байқауына қатысып. Үздік ашық сабақ үлгісін ұсынып, үлес қосқаны үшін және облыс көлемінде таратылатын кітапқа енгені үшін Бердикулова Жанарға 2014 жылы берілді.

 

 

Бүгінде 44 мұғалім ұстаздық етеді, оның ішінде жоғары санатты 3 мұғалім, І санаттағы 12 мұғалім, ІІ санатты 18 мұғалімдер бар. Шымкен қаласында 3 айлық деңгейлік оқыту бойынша 8 мұғалім біліктілігін арттырып келді , І – деңгейлікке  Ш.Шаншарова , ІІІ- деңгейлік Р.Дуйсенбекова, А.Молдакабылова, Г.Сулеймбекова, Б.Омарова, А.Сейдуллаева,Н.Бектуреевтер.

 

 

 

 

Категория: Мектеп